Атыраудағы атышулы іс: күдікті туралы тың дерек шықты

Бүгін, 16:37 / Гүлім Ысқақова
Коллаж Anyqtime.kz

Атырау облысында ата-енесін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген күйеу бала мен оның жұбайы Индонезиядан Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, шетелде ұсталған ерлі-зайыптыны елге экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта екі күдіктіні елге жеткізу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Олар осы айдың ішінде Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде. Ал отбасының жоғалып кеткен тағы екі мүшесіне қатысты кешенді іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – деді Санжар Әділов.

Тэгтер:

күдікті Атырау облысы Жоғалған отбасы Сұлтан Сәрсемәлиев