Шерзат ісі: «Сөйлесіп қойғанмын, уайымдама» - Сот залынан кейінгі диалог күмән тудырды
Әлеуметтік желіде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінен кейін жазылып қалған бейнематериал тарады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
@egovpress Instagram парақшасында жарияланған видеода сот отырысы аяқталған сәтте қатысушылардың бірі эмоцияға беріліп, жылап жібере жаздайды. Ол жақын адамынан:
"Дұрыс сөйледім бе?" – деп қобалжып сұрайды.
Оған жауап ретінде:
"Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын. Уайымдама", – деген сендіретін сөздер айтылады.
Сонымен қатар, видеода істің барлық тараптарымен алдын ала келісілгені жайлы айтылған. Бұл жайт қоғамда түрлі күмән тудырып, сұрақтар туындатуда.
Алайда, бейнежазбадағы сөздерді нақты кім айтқаны әзірге анықталмады.