"Неге семіріп кеткен?": әнші Мұрат Қожа жұртты алаңдатып қойды
Фото: видеодан кадр

"Неге семіріп кеткен?": әнші Мұрат Қожа жұртты алаңдатып қойды

Танымал әнші Мұраттың караокеде ән айтып тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат порталы.

Видеода өнер иесі өз репертуарындағы «Жарығым-ай» әнін орындап жатқанын көруге болады. Кадрлар көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Алайда кейбір оқырмандар әншінің сыртқы келбетіне назар аударып, оның әдеттегіден әлдеқайда толып кеткенін жазды. Көпшілік мұны денсаулығына байланысты болуы мүмкін деп болжап, өнер иесіне сауығып кетуін тіледі.

Желіде түрлі пікірлер жазылды. Бірі әншінің дауысына тәнті болса, енді бірі денсаулығына алаңдаушылық білдірді.

«Легенда ғой, мойындау керек», «Қайта аман жүргенін айт, аман болсын», «Керемет орындау», «Қатты толып кетіпті», «Даусына сөз жоқ», «Қарыны да бөлек екен», «Өз денесі жер көтереді, сендердің нелерің бар», «Неге сонша семіріп кеткен?» – деп жазды желі қолданушылары.