Тоқаев әйелдердің ел дамуындағы рөлін атап өтті

Бүгін, 17:10 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, қазақстандық әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл күннің мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың символы екенін айтып, әйел затының қоғамдағы орнына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат порталы.

Президент өз сөзінде әйелді тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы деп атап, қазақ халқы қай кезеңде де анасын ардақтап, қызын құрметтеп, қарындасына қорған бола білгенін айтты. Оның айтуынша, әйелдің қадірі – елдің қадірімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Ақордада жиналған қонақтарға және барша Қазақстан әйелдеріне ризашылығын білдірді.

Салтанатты жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан, өз саласында биік нәтижеге жеткен бірқатар әйел мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл рәсім әйелдердің қоғамдағы еңбегі мен жауапкершілігіне берілген жоғары баға ретінде көрінді.

Президенттің басқосуда сөйлеген сөзінің толық нұсқасы ресми сайтта жарияланған.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік награда Қазақстан әйелдері