Қазақстандықтар маусым айында қосымша демалыс алады
AnyqTime

Қазақстандықтар маусым айында қосымша демалыс алады

Қазақстанда 2025 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 6 маусымға сәйкес келеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 2025 жылы Құрбан айт мейрамы 6 маусым күніне түсіп отыр. Осыған орай, 6 маусым – жұма күні демалыс болып табылады», – делінген министрлік жауабында.

Дегенмен, ведомство Құрбан айттың мемлекеттік емес, бірақ мерекелік күндер тізіміне кіретінін еске салды. Бұл дегеніміз – мемлекеттік мерекелердегідей демалысты басқа күнге ауыстыру бұл жағдайда жүргізілмейді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (84-баптың 5-тармағы), мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні – ресми демалыс күні болып саналады. Алайда, ол мемлекеттік мерекелер қатарына кірмейді.