«Ұзын шаштың себебі – балалық шақтағы белгі»: Ұлықпан Жолдасовтың басынан өткен тылсым жайт
Эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында ұзын шашының астарындағы себеп пен бала күнінен келе жатқан ерекше белгісі жайлы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, мойнының артқы тұсында алақанның көлеміндей қара дақ пайда болған. Бұл жағдайдың да өзіндік тарихы бар екен.
«Шашым сирей бастады. Бірақ қырқытып тастағым келмейді, себебі оның астында қалдан қалған қара із бар. Ол кездейсоқ пайда болмаған», – дейді ол.
Ұлықпан Жолдасовтың сөзінше, анасы бала кезінде құрбысымен бірге көріпкел атанған Аюп есімді кісіге барған. Емші әйелдің емес, оның өзіне құмалақ түскенін айтып, кішкентай ұлының мойнын тексеруді ұсынған екен.
«Үйге барып, баланың мойнында қара қал болса, жеті мүшесінің бірі кем болады, бірақ өміріне қауіп төнбейді. Ал егер ондай белгі болмаса, онда абай болыңдар», – депті.
Анасы айтқандай, дәл сондай белгі табылып, кейін мал шалып, садақа берген екен.
«Анам күнде таңертең ерте оятып, қалымды қаламмен сызатын. Сызған сайын қарая түсіп, уақыт өте қарайып жоғалды. Бірақ орны сақталып қалды. Сол ізді шашпен жауып жүруге тырысамын», – дейді әнші.
Сондай-ақ ол бала кезінде қолын сындырып алғанын, кейін сол қолының бүгілмей қалғанын, бірақ соған қарамастан әскерде қызмет еткенін де сөз етті.
Өнер иесі ұзын шашы мен мойнындағы ерекше даққа қатысты аңызға бергісіз оқиғасын алғаш рет бүкпесіз бөлісті.