Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

5 сәуір, 2026 / Ерлан Айқынұлы
Фото: Ашық дереккөзі

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен халықаралық турнирде топ жарып, кезекті титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Отандасымыз ITF W15 санатындағы жарыста жұптық сында өнер көрсетіп, финалға дейін сенімді жетті. Шешуші кездесуде ол ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Германия мен Өзбекстан өкілдерінен құралған жұпқа қарсы ойнады. Финалдық матчта Құламбаева бастаған дуэт қарсыластарынан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс қазақстандық теннисші үшін ерекше маңызды. Себебі Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирлер сериясында қатарынан үшінші рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін ол осы елде өткен жарыстарда жекелей сында да, жұптық сында да топ жарып, жоғары деңгейін дәлелдеген болатын.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы нәтижелер оның спорттық бабында екенін көрсетеді. Әсіресе жұптық сындағы тұрақты ойыны мен сенімді нәтижелері халықаралық аренада Қазақстан теннисінің әлеуетін арттыра түсуде.

Қазіргі таңда Құламбаева өз мансабындағы ең сәтті кезеңдердің бірін өткеріп жатыр. Оның бұл жеңістері алдағы ірі турнирлерде де жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді деп күтілуде.

Тэгтер:

теннис Жібек Құламбаева Үндістан турнирі ITF