ІІМ орынбасары Ақбаян Мұқанғалиеваның психиатриялық сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді

Бүгін, 12:34 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: qamqor.gov.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қаза тапқан отбасы ісінде күдіктілердің бірі – марқұмдардың қызы психиатриялық сараптама үшін арнайы мекемеге жатқызылған.

Атырау облысында бір отбасының өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, бұл іс бойынша екі күдікті анықталған. Солардың бірі – қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева. Қазіргі уақытта ол стационарлық сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өту үшін арнайы ауруханаға орналастырылған.

Министрлік өкілінің мәліметінше, тергеу амалдары толық көлемде жүргізіліп жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, ал ІІМ қызметкерлері істі тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Әділов күдіктіге сараптама тағайындау оның мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты қабылданғанын атап өтті. Тергеу барысында оның психологиялық жай-күйіне күмән туындаған.

Қазіргі таңда іс бойынша жаңа күдіктілер анықталған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жангелдин ауылында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі табылып, бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Күдік марқұмдардың қызы мен күйеу баласына түскен .

Тэгтер:

Атырау облысы Ақбаян Мұқанғалиева Жангелдин қылмысы психиатриялық сараптам