Интим видеосы тарап кеткен «Хан тамада» мәлімдеме жасады
Фото: Бейнежазбадан кескін

Интим видеосы тарап кеткен «Хан тамада» мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде тараған жеке сипаттағы бейнежазбаға байланысты ел арасында «Хан» атымен белгілі тамада мен оның жұбайы ресми пікір білдірді. Олар жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, көпшілікке үндеу жолдады.

Тамаданың айтуынша, дау тудырған видео ешқандай хайп немесе әдейі жасалған әрекет емес. Оның сөзінше, бұл – ерлі-зайыптылардың жеке өміріне қатысты түсірілген бейне болған.

«Бұл видеоны әдейі таратқан жоқпыз. Хайп үшін мұндай әрекетке баратын адамдардан емеспіз. Жазба жасырын файлда сақталған еді. Біздің күдігімізше, мобилограф сол файлды ашып, таратып жіберген болуы мүмкін. Қазір бұл жағдайды анықтап жатырмыз», – деді ол.

Тамада отбасының психологиялық тұрғыдан ауыр күйде екенін де жасырмады. Оның айтуынша, соңғы күндері қысым күшейіп, түрлі пікірлер мен реакциялар жағдайды одан әрі қиындатқан.

Ал жұбайы әлеуметтік желі қолданушыларына көз жасымен үндеу жасап, видеоны таратпауға шақырды.

«Бұл – күйеуімнің келісімімен болған жеке жағдай. Қазір маған түрлі хабарламалар келіп жатыр, әсіресе ер адамдар жазып мазалайды. Барынша түсіністік танытып, көмектесулеріңізді сұраймын. Сол видеоны қарамаңыздар, өшіріп тастаңыздар», – деді ол.

Қоғамда бұл оқиғаға байланысты түрлі пікір қалыптасып жатыр. Бірі жеке өмірге қол сұқпауды талап етсе, енді бірі цифрлық қауіпсіздік мәселесін көтеруде. Қазіргі таңда жағдайдың нақты қалай болғаны тексеріліп жатыр.