Қонаев қаласында 89 жасқа толған Төлеухан Алияқтың туған күні ерекше эмоцияға толы өтті. Мерекеде 70 жастағы үлкен ұлы анасына жүрекжарды тілегін айтып, көзіне жас алған, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Желіде тараған видеода ұлының тебіреніп тұрған сәті анық көрінеді. Сол сәтте Төлеухан әже баласын «Жылама» деп жұбатып, көпшілікті толқытты. Қарапайым ғана ана мен бала арасындағы бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегіне жетіп, жылы пікірлерге себеп болды.
Айта кетейік, Төлеухан Алияқ әлеуметтік желіде белсенді. Ол TikTok платформасында немерелерімен бірге түрлі бейнероликтер түсіріп, 30 мыңнан астам оқырман жинаған. Қарт әженің өмірге деген құштарлығы мен белсенділігі көпке үлгі болуда.