Күйеуі TikTok-та, Кәмшат үйде: Желіде видео қызу талқылануда
https://www.youtube.com/@adambaevaindiraerlanovna1992

Күйеуі TikTok-та, Кәмшат үйде: Желіде видео қызу талқылануда

Әлеуметтік желіде танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуіне ұқсайтын ер адамның видеосы таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеодағы азаматтың нақты кім екені көрсетілмесе де, оның кескін-келбеті актер Ғазірет Қажымұқанұлына ұқсайды деген пікірлер желі қолданушылары арасында басым, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Пікір білдірушілер видеодағы ер адамның стрим барысында басқа әйелдермен танысып отырғанын сынға алған. Олар Кәмшат Жолдыбаеваға қойылған шектеулер мен күйеуінің әрекетін салыстырып, әлеуметтік желіде түрлі пікір жазды.

«Кәмшатты үйге отырғызып қойып, өзі TikTok-та қызбен сөйлесіп отыр»,
«Әйеліне тыйым салып, өзі ашық стрим жасай ма?»,
«Өз әйеліңе құрмет қайда?»,
«Клиптерін алып тастатып, өзі желіден түспей жүр», – деп жазды қолданушылар.

Кейбіреулер бұл әрекетті табыс табудың тәсілі деп бағаласа, енді бірі мұндай контентті қолдауға қарсылық білдірді. Қоғамда екіұшты пікір туғызған бұл видео желіде қызу талқыға түсіп жатыр.