Сынға қалғанымен, мәртебесі биік: Әлішер Кәрімов халық әртісі атағына қатысты пікір білдірді
21 мамыр – елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, бірқатар өнер иелері марапатталды. Солардың бірі – эстрада әншісі Әлішер Кәрімов, ол Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағын иеленді. Алайда бұл жаңалық әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды: кейбірі құптаса, енді бірі сын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Әнші өзіне айтылған қолдау сөздері мен құттықтаулар үшін алғыс білдіріп, бұл марапаттың өзі үшін зор маңызға ие екенін айтты.
«Бүгін мен үшін тарихи күн. Мемлекет басшысының қолынан еліміздің ең жоғары марапаттарының бірі – "Қазақстанның Халық әртісі" атағын алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жетістік – мені қолдаған тыңдармандарым мен жақындарымның арқасы», – деп жазды Әлішер Кәрімов өзінің парақшасында.