Марқұм Шерзаттың ісінде жаңа бұрылыстар: Анасының жауабы күмән тудырып, сотқа қайта шақырылмақ
alash.kz

Марқұм Шерзаттың ісінде жаңа бұрылыстар: Анасының жауабы күмән тудырып, сотқа қайта шақырылмақ

Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тараптың өкілі Гүлмира Бишімбиеваны қайтадан сотқа шақыру ұсынылды. Мұндай бастаманы айыпталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Әсел Баймұханова көтерді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаушының айтуынша, Бишімбиева беттестіру кезінде айтқан сөздері мен сот залында берген жауабы арасында үлкен алшақтық бар. Сондықтан ол куәгерден қосымша жауап алу қажеттігін жеткізді.

«Гүлмира Бишімбиеваның бұрынғы және қазіргі мәлімдемелері бір-біріне сай келмейді. Бұл мәселені анықтап алу үшін оны келесі сот отырысына қайта шақырған жөн», – деді адвокат.

Бұл ұсынысты айыпталушы тарап пен олардың қорғаушылары бір ауыздан қолдап, мемлекеттік айыптаушылар да қарсылық танытпады.

Жәбірленушілердің өкілі Бишімбиеваны келесі отырысқа міндетті түрде жеткізуге тырысатынын айтты. Ал судья бұл мәселені мемлекеттік айыптаушы тараптың құзырына тапсырды.