Өзбекстанда 10 айлық нәрестенің ішегі фастфудтың кесірінен шіріп кеткен
https://t.me/uzmdk

Өзбекстанда 10 айлық нәрестенің ішегі фастфудтың кесірінен шіріп кеткен

Өзбекстанда дәрігерлер 10 айлық сәбидің ішегінің бір бөлігін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Бұл — анасының баланы фастфудпен тамақтандырғанының салдары, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Uzbek-MDK телеграм арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, сәбидің ішек жолдары қатты зақымданып, шіріп кеткен. Оған себеп — нәрестенің дұрыс емес тамақтануы. Анасы өзімен бірге жеген лаваш пен картоп фриді балаға да берген.

Дәрігерлер ата-аналарға мұндай жағдайдан сақ болуға кеңес береді. Өйткені фастфуд құрамындағы түрлі дәм күшейткіштер мен қоспалар жас балалардың толық жетілмеген ағзасына өте зиян. Мұндай тағамдар сәбилер үшін жай ғана пайдасыз емес, тіпті өміріне қауіп төндіреді.