Баян Алагөзова қызы Айсәуленің туған күніне жүрекжарды жазба арнады
Танымал продюсер әрі қоғам қайраткері Баян Мақсатқызы тұңғышы Айсәулені туған күнімен құттықтап, ерекше әсерлі жазба жариялады. Ол 29 жыл бұрын алғаш ана атанған сәтін еске алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Баян ханымның айтуынша, жүктілік кезінде денсаулығы жиі сыр бергенімен, сәбиін тағатсыздана күткен. 22 мамыр күні дүние есігін ашқан Айсәуле бүгінде 29 жасқа толып отыр. Продюсер қызының бала күніндегі тәтті естеліктерін еске алып, бүгінгі жетістіктеріне мақтанышпен тоқталды.
«Сені 9 ай бойы күтіп, әр сәтіңді санадым. Сол күн, сол жылауың, алғаш сені кеудеме басқаным – бәрі жадымда. Қазір сен журнал мұқабасындағыдай көркем, табысты, жарқын жансың. Сен – менің махаббатым, мақтанышым, бақытымсың», – деп жазды ол.
Баян Мақсатқызы қызына денсаулық, бақыт және сүйікті жары Әлішермен бірге бақытты ғұмыр тіледі.