Президент бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады
Ақорда

Президент бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше шет елдегі дипломатиялық өкілдіктеріне жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Еркебұлан Сәпиев Түркиядағы Қазақстан елшісі қызметін атқара отырып, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл қызметін де қоса атқаратын болды;

Рауан Жұмабек — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Барлыбай Садықов — Кениядағы Қазақстан елшісі әрі Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарады. Ол бұған дейін атқарған Эфиопиядағы елші қызметінен босатылды;

Ал Жалғас Әділбаев — Эфиопиядағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елші болып бекітілді.