Танымал блогер Арман Жаналиев әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен ұлының тосын сыйы өзіне үлкен әсер еткенін айтып, көңілі босап, көзіне жас алған сәтімен бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаналиевтің айтуынша, ұлы екі жыл бойы жинаған қаражатына әкесіне жаңа смартфон алып берген. Ол құрылғыны табыстап жатып, әкесіне жүрекжарды тілегін арнаған. Бұл сәтте Арман көз жасына ерік беріп, баласының мейірімі мен ықыласына риза болғанын жасырмады.
«Айқынский Тигрдің сыйлығы. 2 жыл жинаған ақшасына маған сыйлық жасады. Аллаға шүкір», – деп жазды ол желідегі жазбасында.
Желі қолданушылары бұл сәтке бейжай қарамай, түрлі жылы лебіздерін білдірді.
«Жүректі елжірететін көрініс», «Көзге жас келмей қоймайды», «Осындай балалар аман болсын», – деп жазды олар.