«Филиппиндік құдағи, құда келеді!» – Қазақ күйеуге тиген қыздың ата-анасы елге келді

Бүгін, 15:53 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: Anyqtime.kz

Қазақ азаматына тұрмысқа шыққан Филиппин елінің қызы ата-анасын алғаш рет Қазақстанға алып келді. Туыстарымен қауышқан сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода қыздың ата-анасы мен інісі арнайы сапармен елге келгені көрсетіледі. Олар құдалармен танысу мақсатында Қазақстанға ат басын бұрған. Аэропортта келген қонақтарды қазақ жігіті, оның жұбайы және ата-анасы күтіп алған. Келін ата-анасын көрген бойда жүгіріп барып, анасына гүл ұсынып, құшақтап қарсы алады. Артынша әкесімен және інісімен сағынышты сәтте қауышты.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір білдіріп жатыр. Кейбіреулер филиппиндік қыздың бауыры аса эмоция танытпағанын жазса, енді біреулері Филиппин мен Тай елдерінің адамдары қазақтарға сырт келбеті жағынан ұқсайтынын атап өткен.

"Елімізге қош келдіңіздер!", – деп жылы лебізін білдірген қолданушылар да көп болды.

Тэгтер:

Филиппиндік құдағи құдағи мен құда Филиппин елінің қызы келін