«Қызыммен бірге мен де есейдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова толқынысты сәтін бөлісті
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіруіне арналған әсерлі видеоны әлеуметтік желіде жариялап, жүрекжарды жазбасын бөлісті. Ол бұл күннің өз өмірінде де ерекше орын алатынын айтып, тұңғышына ақ тілегін арнады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап
«Бүгін – сен үшін де, мен үшін де аса маңызды күн. Жыл бойғы еңбектің нәтижесін көруге уақыт келді. Қаншама уайым, толқу, қуаныш… бәрі артта қалды. Қадамың сәтті болсын, қызым!» – деп жазды ол.
Әр ана сияқты толқығанын жасырмаған Жұлдыз, бойжеткен қызының арқасында өзі де өмірлік сабақтар алғанын айтты.
«Иә, мойындаймын… ана болған соң уайымдадым. Бірақ саған деген сенім бәрінен биік тұрды. Саған қарап өзім де өстім, жетілдім», – деді ол.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова мен әнші Қайрат Нұртастың төрт баласы бар.