Қазақстанда тағы бір тіл ресми тілге айналуы мүмкін
best-matchmaking.com

Қазақстанда тағы бір тіл ресми тілге айналуы мүмкін

Қазақстанда ымдау тілі ресми мәртебе алуы мүмкін, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Үкімет алдағы уақытта ымдау тілі мен дактиль әліпбиін ресми түрде тану мәселесін қарастырады. Бұл туралы депутаттық сауалға берілген ресми жауапта айтылды.

Құжатта Ұлыбритания, Исландия, Аустралия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Аустрия, Испания, Швеция және Оңтүстік Африка секілді елдерде ымдау тілі ресми тіл ретінде мойындалғаны атап өтілген. Қазақстан да осы халықаралық тәжірибені зерделемек.

Үкімет қазақ ымдау тілі мен дактиль әліпбиін тануға қатысты шетелдік мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.

Айта кетсек, 1998 жылы алғаш рет қазақ дактиль әліпбиі балаларға арналған арнайы оқулықтарда қолданылған. Ал 2007 жылы “Үміт” қоғамдық қоры үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Әлем ым тілімен» атты тақырыптық сөздік жарыққа шығарған.