«Халық әртісі болу үшін Затаевич болу міндетті емес, Кәрімов болсаң жетеді»

24 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: Anyqtime.kz

Апта басында бірқатар өнер иелері мемлекеттік марапаттармен марапатталды. Алайда әнші Әлішер Кәрімовтің «Қазақстанның халық әртісі» атағын алуы қоғамда түрлі пікір тудырды. Бұл марапаттың Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі күмәнді ойға жетелеген. Zhasalash.kz сайты осы тақырып бойынша өнер қайраткерлерінен сұхбат алып, ел арасында қызу талқыға түскен мәселеге жауап іздеген, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Өнер саласындағы танымал азаматтар марапаттың әділеттілігіне күмән келтіріп отыр.

Халық әртісі Рамазан Стамғазиев:

«Әлішер – қазақша ән айтып, шет ел сахналарында ел атынан өнер көрсеткен өнерпаз. Бірақ өзі қазақ болып, қазақша білмейтін, атақ алып жүргендер де бар. Дегенмен, өмірін өнерге арнаған жандар назардан тыс қалмауы керек», – дейді.

Дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай бұл мәселеге бұдан да өткір пікір білдірді:

«Ассамблея ешқашан ұлттық өнерге үн қатпаған. Атақ беруді саяси науқанмен шешу – әділетсіздік. Бұл атақтардың қадірін кетіріп жатыр», – деп мәлімдеді.

Ол сондай-ақ:

«Қазір "құлақтан тепкен" фонограммашылар мен әкім-қаралардың тойына шыққан әншілер ғана ел алдында марапат алып жүр. Бұл – өнердің емес, билікке жақындықтың сыйы», – деді.

Тэгтер:

Әлішер Кәрімов Халық әртісі