“Қыдекең жасаса, осылай “шоу” етіп жасайды”: Қыдырәлі Болмановтың мерейтойы дүркіреген той болды

24 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: SN.kz

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов 61 жасқа толған мерейтойын кең ауқымда атап өтті. Шара тек туған күнмен шектелмей, бірнеше шығармашылық белеспен қатар келді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Қыдырәлінің жары Қарақат Әбілдина бұл күннің маңызын атап өтіп, 19 мамырда бір күнде бірнеше айтулы шара өткенін айтты. Таңертең әншінің «Қарақат салған қанатты ән» атты алғашқы кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, кешке «Қарақат мектеп студиясының» 15 жылдығына арналған үлкен концерт өткізілген. Сол кештің соңында Қыдырәлінің туған күніне арналған арнайы банкет те өтті.

Қарақат Әбілдина өзінің жазбасында бұл кешті “мемлекеттік деңгейдегі шарамен тең” деп бағалап, продюсер ретіндегі Қыдырәлінің еңбегін ерекше атап өтті. Ол концертті де, жобаларды да үкіметтің қолдауынсыз, тек өз қаражатымен ұйымдастырып келе жатқанын айтып, Қыдырәлінің табандылығы мен ұлттық өнерге қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

Мерекелік кешке ақын Балғынбек Имашев та қатысып, Қыдырәліге арнау өлеңін тарту етіп, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл өлең «Продюсерлердің королі» деп аталып, кештің көркін аша түсті.

Қарақат Әбілдина сондай-ақ, шығармашылық кешке атсалысып, қуанышты бөлісуге келген барша өнер өкілдеріне шексіз алғысын білдірді.

Тэгтер:

Қыдырәлі Болманов 61 жас мерейтой Қарақат Әбілдина