Аяз, найзағай, ыстық: үш мегаполистің алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 2025 жылдың 24–26 мамыр күндері әртүрлі ауа райы күтіледі — деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Астанада күн суытады, топырақ бетінде аяз болуы мүмкін
Елордада алдағы күндері бұлтты ауа райы мен өткінші жаңбыр күтіледі. 24 мамырда түнде және таңертең жаңбыр жауып, термометр көрсеткіші +8…+10°С, күндіз +15…+17°С болады.
25 мамырда жаңбыр жалғасып, түнде +4…+6°С, күндіз +13…+15°С аралығында сақталады.
26 мамырда ең төменгі температура түнде +2…+4°С, ал топырақ бетінде -2°С аяз болуы ықтимал. Күндіз ауа +12…+14°С шамасында болады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматыда бұршақ жауып, найзағай ойнайды
24 мамырда түнгі уақытта найзағайлы жаңбыр мен бұршақ түсуі ықтимал. Түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С. Желдің екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
25 мамырда күн ашық болады деп күтіледі. Температура +13…+15°С аралығында, күндіз қайтадан +25…+27°С дейін ысиды.
26 мамырда таңертең және күндіз найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ болуы ықтимал. Күндізгі температура +20…+22°С дейін төмендейді.
Шымкентте аптап ыстық сақталады
Оңтүстіктегі қалада 24-25 мамыр күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі температура +11…+17°С аралығында, ал күндіз +28…+31°С дейін жетеді.
26 мамырда түнгі және таңғы мезгілде найзағайлы жаңбыр болжанып отыр. Дегенмен күндіз ауа температурасы +29…+31°С деңгейінде қалады.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстіктен келген антициклон Қазақстанның бірқатар өңіріне салқын ауа мен түнгі суық әкеліп отыр.