Төрехан Сабырхан Таиландтағы турнирді жеңіспен бастады
https://www.youtube.com/@KazakhstanBoxingFederation

Төрехан Сабырхан Таиландтағы турнирді жеңіспен бастады

Тайландта өтіп жатқан халықаралық бокстан турнирде отандасымыз Төрехан Сабырхан алғашқы кездесуінде айқын басымдықпен жеңіске жетті — деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

70 келі салмақта сынға түсіп жатқан Сабырхан алғашқы жекпе-жекте оңтүстіккореялық Чунсу Киммен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ал осы жарыста алғаш рет жаңа салмақта бақ сынап жатқан Дулат Бекбауов (65 кг) келесі айналымға ешқандай жекпе-жексіз өтті. Оның қарсыласы, иорданиялық Обада Аль-Касабе рингке шықпау туралы шешім қабылдаған.

Жарыстың алғашқы күнінде жеңіске жеткен тағы бір қазақ боксшысы — Виктория Графеева (60 кг). Ол оңтүстіккореялық Ёнджи Онан басым түсті.

Айта кетейік, халықаралық дода 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкок қаласында өтуде. Турнирге Қазақстаннан бөлек Қытай, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және өзге де мемлекеттердің мықты былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр.