Данияр Қайсанов тағы да жарысты ерте аяқтады: бұл дағдарыстың белгісі ме?
Коллаж: Anyqtime.kz

Данияр Қайсанов тағы да жарысты ерте аяқтады: бұл дағдарыстың белгісі ме?

Данияр Қайсанов Астанада өтіп жатқан еркін күрестен Қазақстан кубогында сенсациялық жеңіліске ұшырады — деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Penalty.kz сайтына сілтеме жасап.

Qazaqstan аренасында өткен жарыстың алғашқы күні ел құрамасының тәжірибелі мүшесі, екі дүркін Азия чемпионы өз жанкүйерлерін таңдандырды. Қайсанов жарысты алғашқы белдесуде-ақ аяқтады. Ол жаңа салмақ – 86 келіде өнер көрсетіп, ақтөбелік Бибарыс Нұрылаұлына есе жіберді. Айта кетерлігі, Бибарыс ірі халықаралық жетістіктерімен көзге түспеген, көпшілікке беймәлім спортшы.

Бұл нәтиже күрес жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды және Қайсановтың спорттық формасына қатысты сұрақтар туындатты. Себебі бұған дейін де ол Албанияда өткен Мұхамет Мало турнирінде алғашқы айналымда отандасы Болат Сақаевтан жеңілген еді.

Қатарынан екі жарысты ерте аяқтаған балуанның қазіргі спорттық деңгейі мен болашағы талқыға түсуде. Сарапшылар арасында оның карьерасының аяқталу сәті келген болуы мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Қайсановтың алдағы спорттық тағдыры қалай болары әзірге белгісіз. Бірақ мұндай нәтижелер оның спорттық мансабындағы маңызды бетбұрысты аңғартуы мүмкін.