Мектеп бітіру кеші өліммен аяқталды: Оқушы сыныптасын шампурмен өлтірді
Алматы облысында мектеп бітіру кеші адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Anyqtime.kz порталы хабарлайды.
Оқиға Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында болған. 11-сынып оқушылары ата-аналары жалдап берген коттеджде мектеп бітіруді атап өтпек болған. Бірақ көңілді отырыс қайғылы жағдайға ұласып, кеш соңы кісі өлімімен аяқталды.
Полиция мәліметінше, кеш барысында сыныптастардың арасында жанжал туындаған. Сол кезде олардың бірі екіншісіне кәуапқа арналған темір шампурды кеудесіне сұғып алған. Алған жарақатынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Марқұмның сыныптасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, қайтыс болған баланың ата-анасы – оның заңды өкілдері – баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция бұл жағдайға байланысты облыстық білім басқармасына да арнайы ұсыныс жіберген.