Қырғыз тағамы қазақтікінен үздік деп танылды
Sputnik / Эмиль Садыров

Қырғыз тағамы қазақтікінен үздік деп танылды

Taste Atlas халықаралық гастрономиялық гиді 2025 жылдың мамырында «Субөнімдерден жасалған 50 үздік тағам» рейтингін жариялады. Тізімге Қырғызстанның ұлттық тағамы – қуырдақ енген. Ал қазақ тағамдары бұл жолы назардан тыс қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Offside.kz сайтына сілтеме жасап.

Taste Atlas қуырдақты "нағыз дәмі, қарапайым дайындалуы және тарихи құндылығы" үшін үздік тағамдар қатарына қосқан. Қуырдақ көбіне бауыр, өкпе, жүрек сынды ішек-қарынынан әзірленіп, пияз және картоппен бірге қуырылады. Ол қырғыз көшпелі мәдениетінің ажырамас бөлігі саналады.

Тізімнің көш басында Иранның калех паче, Перудің антикучо және Түркияның кокореч тағамдары тұр. Taste Atlas рейтингтері сарапшылар мен қолданушылардың бағасына негізделіп жасалады.

Айта кетейік, қазақ асханасынан бұл жолы ешбір тағам аталмаған. Дегенмен карт, жанбас, шұжық сынды субөнімдерден жасалатын ұлттық тағамдарымыз бар.