"Ұлы үйден қуған еді": 100 пәтер сыйласа да Тұрсын Алагөзовтің жомарттығына жұрт сене алмай отыр
Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өз компаниясында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін табыстады. Бұл игі бастаманың мақсаты – ауыр жұмыс істейтін әрі тұрақты қызмет атқарып жүрген азаматтарға баспана жағынан қолдау көрсету, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл идея оған 2024 жылы келген. Ол өз компаниясында 20 жылдан астам еңбек еткен жандарға алғысын осылай білдіргісі келген.
Әлеуметтік желіде жұрт Алагөзовтің бұл қадамын жылы қабылдады. «Осындай азаматтар көбейсе», «Нағыз басшы», «Құтты болсын» деген пікірлер жиі жазылды. Алайда кейбір қолданушылар өткен оқиғаларды еске түсіріп, сыни пікір білдірді.
«Бұрын туған ұлымен осы пәтер үшін соттасып еді», – деп жазды кей желі қолданушылары. Еске сала кетейік, 2022 жылы Алагөзовтің ұлы Әрсен Алагөзов әкесіне қарсы сотқа арыз түсіріп, әкесінің өзі тұрып жатқан үйінен шығуын талап еткен еді.
Дегенмен, жұрттың пікірі сан алуан болғанымен, кәсіпкердің бұл жолғы әрекеті көпшілікке үлгі боларлық жомарттық ретінде бағаланып отыр.