«Жолаушы көз жұмды»: Ақтөбе әуежайы қайғылы оқиға туралы хабарлады
www.freepik.com

«Жолаушы көз жұмды»: Ақтөбе әуежайы қайғылы оқиға туралы хабарлады

Сочи бағытына бет алған Boeing-777 ұшағы шұғыл түрде Ақтөбеге қонды. Себеп — борттағы 42 жастағы әйел өзін нашар сезініп, есінен танған. Өкінішке қарай, дәрігерлер келіп жеткенше жолаушының жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайының ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әуежай таратқан мәліметке қарағанда, оқиға әуе кемесі жерге қонбай тұрып, яғни әуеде болған.

«Ұшақ қонған сәтте шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы дайын тұрды. Бірақ, өкінішке қарай, 1983 жылы туған әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, жағдайды шұғыл хабарлап, жердегі қызметпен байланыс орнатқан экипаж мүшелеріне алғыс білдіреміз», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тиісті органдар анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.