«Өліп көрген адам, қайта тірілгісі келмейді»: Белгілі дінтанушы о дүниеге барып келгенін айтты
Фото коллаж: Anyqtime.kz

«Өліп көрген адам, қайта тірілгісі келмейді»: Белгілі дінтанушы о дүниеге барып келгенін айтты

Белгілі дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы о дүниеге барып келгенін айтып, жүрек шымырлатар әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Oіnet.kz сайтына сілтеме жасап.

Qazaq.airan YouTube арнасына берген сұхбатында ол клиникалық өлім жағдайында болған сәтін баяндаған. «Өліп көрген адам қайта тірілгісі келмейді» деген дінтанушы бұл халдің дене емес, рух ахуалы екенін айтады.

«Тек зуылдап туннель арқылы жоғары көтеріліп бара жатқанымды сездім. Бір сәтте «Мама» деген баламның даусы естілді. Сол дыбыстан селк етіп, төмен құлдилап, қайта оралдым», – дейді ол.

Сол сәтте дінтанушы өзін бұрынғы үйінде, таныс қабырғалардың арасында қайта тірі күйде тапқан. «Неге тірі қалдым екен?» деген ой келді дейді.

Бұл сұхбат көптің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары мұны рух пен тән арасындағы шекараның бір сәттік ашылуы деп қабылдауда.