«Алакөлге 1,1 млн кетеді, Египет арзан» — Мақпал Жүнісова ішкі туризм бағасына ашынды
Қазақ эстрадасының падишасы Мақпал Жүнісова еліміздегі демалыс бағасының шектен тыс қымбаттығын сынға алып, шетелде демалатын қазақстандықтарды қолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Qazaq Today сайтына сілтеме жасап.
Желіде бір ер адам Алакөл мен Египеттегі демалысты салыстырып, нақты есеппен шыққан шығындарды айтып берген видеосы тарады. Оның айтуынша, төрт адамға 10 күн Алакөлде демалу 1 млн 100 мың теңгеге жуықтаса, Египетте 7 күндік жолдама — 990 мың теңге, әрі тамағы мен трансфері қоса қамтылған.
«Алакөлде тек номер 60 мың теңге, тамақ оған кірмейді. Жол шығыны, бензин тағы бар. Ал Египетте бәрі ішінде: үш мезгіл ас, сусын, трансфер…», – дейді видеодағы азамат.
Осы видео астына Мақпал Жүнісова өз пікірін қалдырып, ішкі туризм бағасының шындыққа жанаспайтынын, шетелдегі демалыстың кейде тиімді болатынын ашық айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары екіге жарылды: бірі – ел туризмін қолдау керек десе, екіншісі – ақшаңа лайық жағдай шетелде деп отыр.