Жетісуда жер сілкінісі тіркелді
27 мамыр күні кешке Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер асты дүмпуі Астана уақытымен 19:51-де тіркелген. Сілкініс Жетісу облысы аумағында орын алып, Капал-Арасан шипажайында 2 баллдық тербеліс сезілген.
«Қаза тапқандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ», — деп хабарлады министрлік өкілдері.
Айта кетейік, бұл соңғы күндері тіркелген алғашқы сілкініс емес. Бұған дейін, 25 мамырда Жамбыл облысында да жер сілкінісі болған. Эпицентрі Тәжікстан аумағында болған дүмпу Құланда — 3, Меркіде — 2 балл болып сезілген.
Сол күні Шығыс Қазақстанда да сілкініс тіркелген, ал 23 мамырда «Шерзат ісі» бойынша өтіп жатқан сот процесі кезінде жер дірілі тікелей эфирде байқалған еді.