«Тілді талап ету пафос емес!» – Айсәуле Әбілдә үй сыйлаған компания оқиғасына қатысты пікір білдірді

27 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

Соңғы күндері бір компанияның қызметкерлеріне үй сыйлауы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Дегенмен, бұл қуанышты оқиға қазақ тілінің қоғамдағы орны туралы да үлкен пікірталас тудырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оян, қазақ!» деректі фильміне продюсерлік еткен қоғам белсендісі Айсәуле Әбілдә аталған оқиғаға қатысты өз ойын ашық білдірді.

«Алагөзөв мырза үй берді екен деп қазақ тілін талап етушілер пафосшыларға айналдық. Қазақ тіліне талап қоюды пафос деп, артықшылық көретіндерді түсінбеймін. Құжат, бизнес тілі орыс тілінде жүрсе, қазақ тілділер қайтіп байысын?» – дейді ол.

Әбілдә қоғамда қазақ тілін талап ету — біреуге ұнау үшін емес, заңды әрі табиғи нәрсе екенін баса айтты. Ол тіл жанашырларын пафосшы деп атағандарды сынап, бұл көзқарас шынайы мәселелерді бүркемелейтінін алға тартты.

Сонымен бірге, Айсәуле үйлі болған қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, меценаттықты тіл мәселесіне байланыстырмай, жеке мәрттік ретінде бағалаған.

«Сол компанияның өнімін сатып алып отырған да — қазақтар. Ендеше, біреуді мадақтау үшін тілден бас тартпаңдар», — деді ол.

Тэгтер:

қазақ тілі пафос Тілді талап ету пафос емес Айсәуле Әбілдә