Ақсуда пышақ ұстаған ер адам терезеден секірмек болды — өрт сөндірушілер дер кезінде құтқарды
Ақсуда көпқабатты үйдің алтыншы қабатында пышақпен тұрған ер адам мас күйде терезеден секірмек болған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Оқиға орнына келген құтқарушылар автосаты арқылы жоғары көтеріліп, ер адаммен сөйлесуге тырысқан. Сол сәтте олардың әріптестері пәтер есігін арнайы құралдармен ашып, ішке кіріп үлгерген.
Бір сәтте ер адамның назары бөлініп кеткен кезде, өрт сөндіруші оны ішке қарай итеріп, терезеден секіріп кетуіне жол бермеген. Пәтер ішінде оны полиция қызметкерлері залалсыздандырды.
Оқиға кезінде ер адамның қолында ас үй пышағы болғаны хабарланды.
Kerek.pv атты телеграм желісінің дерегінше, құтқару операциясына қатысқан бөлімше командирі Арман Қалиақпар мен өрт сөндіруші Нұрқадыр Еркінжасовтың ерлігі ерекше атап өтілді. Олар ресми түрде алғысқа ұсынылды.