«Шеше, Исламың келді»: Анасының басына барған Нұрлан Албан жұртты ойға қалдырды
Белгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлын ертіп, марқұм анасын зиярат етті. Құран бағыштап тұрып айтқан жеке лебізін ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Видеода Нұрлан Албан ұлы Исламмен бірге анасының қабірі жанында тұрып:
«Шеше-ау, Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың…» – деп тебірене сөйледі.
Әншінің сөзінше, ұлы мектеп бітіріп, сол күні олимпиадаға жолға шыққан. Осы сәтті ол марқұм анасымен рухани бөліскісі келген.
Алайда бейнежазбаға қатысты пікір екіге жарылды: бірі – «Көңілім босап кетті», «Жаны жәннатта болсын!» деп жылы лебіз білдірсе, енді бірі «Соны камераға айту керек пе?» деп наразылық танытты.