Ұйықтар алдында айран ішу дұрыс па?

28 мамыр, 2025 / Ерлан Айқынұлы
AnyqTime

Кешкі астың орнына немесе жатар алдында ішілетін бір стақан айран  – денсаулыққа аса пайдалы қарапайым да тиімді әдеттердің бірі. Бұл – жай ғана халық арасында тараған кеңес емес, ғылыммен дәлелденген пайдалы амал.

Айран – ашытылған табиғи өнім. Ол ішек микрофлорасының саулығын сақтауға көмектеседі.

Ал ішек микрофлорасы – адам ағзасындағы маңызды экожүйе.

Оның дұрыс жұмыс істеуі иммунитетке, зат алмасуға, ұйқының сапасына, тіпті көңіл-күйге де тікелей әсер етеді.

Микрофлораны пайдалы бактериялармен «қоректендіру» үшін квашенка, кимчи немесе тұздалған көкөністер пайдалы. Бірақ оларды күн сайын тұтыну көп адам үшін қолайсыз.

Ал айран – кез келген дүкеннен табылатын қолжетімді әрі оңай шешім.

Ұйықтар алдында ішілген бір стақан айран:

Яғни бұл – жай ғана сүт өнімі емес, күнделікті саулықтың кепіліне айналатын қарапайым әрекет.

Тэгтер:

денсаулық Ұйқы Айран Кефир Сүт Табиғи өнім