«Өліктерің сол жерден шықсын!» — Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге қатысты үндеу елді екіге бөлді
ТикТок желісінде өзін Гүлбике деп таныстырған белсенді әйел зейнет жасынан асса да, жұмыстан кетпей жүрген адамдарға ашық наразылығын білдіріп, қоғамда қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада ол зейнеткерлердің зейнетақы алып қана қоймай, жұмыс орындарын да босатпай отырғанын сынады:
«Зейнеткер болса да, жұмыстан кетпейтін, жастарға орын бермейтіндер — өліктерің сол жерден шықсын! Қаншама жастар жұмыссыз жүр!»
Гүлбике ханымның айтуынша, жас қыз-жігіттер бала-шағасын асырай алмай жүрсе, зейнеткерлер «алжығанша қызметтен кетпейді» екен. Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында екі түрлі реакция тудырды.
Бірі — "Ащы болса да шындық" деп қолдаса, енді бірі — "Ешкімге өлім тілеу — адамшылық емес" деп айыптап отыр.