"Жұбайыңыз ренжімей ме?": Әнші 5 жыл ғашық болған махаббаты туралы айтты (видео)
Белгілі әнші әрі композитор Құрмаш Махан өзінің танымал әндерінің шынайы тарихымен бөлісті. Әнші бұл жайлы «Қызық Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Қазақ тыңдармандары сүйіп тыңдайтын «Аңсарым», «Кездесу мен қоштасу», «Аяулым», «Жан сырым» сынды жүрекке жеткен әндердің барлығы Жамбыл өңірінің тумасы болған аруға арналған. Құрмаш Махан бұл қызбен бес жыл бойы махаббат хикаясын бастан өткергенін айтып, дәл сол ару оның шабыт көзіне айналғанын жеткізді.
Әншінің айтуынша, ол бойжеткен бүгінде отбасылы, балалары бар. Сондықтан оның есімін атамауды жөн санаған.
Өзінің де кейін шаңырақ көтеріп, өмірлік серігін тапқанын баяндады.
Құрмаш Махан ғашық болған сол жылдары барлығы 9 ән жазған. Солардың бірі – “Жан сырым” әні. Бұл туындыны әнші сүйіктісінің туған күніне арнап жазған екен.
Сұхбат барысында ол алғашқы махаббатының туған күнінде вальс билегенін де тебіреніспен еске алды.
Бағдарлама жүргізушілері әншіден қазіргі жұбайының бұған пікірін сұрағанда, Құрмаш Махан күліп жауап қайырды.
Жауабы сұхбаттың толық нұсқасында айтылды.