Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, тележүргізуші Мөлдір Мұқанова алғаш рет тікелей эфирге шықты. Алайда дебюттік эфирінде күтпеген сәт орын алып, желіде қызу пікірталас туды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
Эфир барысында Мөлдір Мұқанова әртістерді таныстыру кезінде аз-кем кідіріп, «бір минут» деген сәтте қасындағы тележүргізуші Динара Сәтжан оған бұл тікелей эфир екенін ескерткен. Кейін Сәтжан оның алғаш рет эфирге шыққанын айтып, бұл сәтті жылы түрде жабуға тырысты.
Желіде тараған видеоны көрген кейбір қолданушылар журналистика саласына шоу-бизнес өкілдерінің араласуын сынға алып, өткір пікірлер жазды:
«Біреудің әйелі болғаны үшін жүргізуші болу керек пе?»
«Журналистика факультетін жабу керек»,
«Әркім өз ісімен айналыссын!» – деп жазды кейбір желі қолданушылары.
Алайда жұрттың бәрі теріс пікірде емес. Мөлдірге қолдау білдіргендер де аз емес. Олар оны отбасына үлгі, еңбекқор, салиқалы келіншек ретінде сипаттап, бастамасына сәттілік тіледі:
«Жарайсыз, Мөлдір! Талаптыға нұр жауар! Ағамыздың тілеуін тілеп, қыз-ұл өсіріп, өнеге болып отырған жансыз», – деп жазды бір қолданушы.
«Осы Мөлдірге неге тиісе бересіңдер? Өз еңбегімен көтерілген жан, бәрін де тамаша жүргізеді. Мөлдір, алға!» – деді тағы бірі.
Бұл жағдай медиа саласында кәсібилік пен жаңа тұлғаларға деген көзқарас туралы пікірталасты қайта жандандырды. Бірақ тек кемшілікті емес, талпынысты да көру — қоғам мәдениетінің белгісі екенін ұмытпаған жөн.