Шерзат ісі: судьяға шағым түскеннен кейін істі басқа судья қарай бастады
Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесінде судья ауысты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
27 мамыр күні күндізгі сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж. Әбенов төрағалық етіп отырған судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді. Осыған байланысты кешкі уақытта сот процесі басқа судьямен жалғасты.
Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабы, 11-бөліміне сәйкес, судьяға қарсы шағымды сол соттың басқа судьясы немесе сот төрағасы қарайды.
Жанұзақовқа қатысты шағымды қарау міндеті судья А.А. Беймбетовке жүктелді. Сот отырысы сағат 17:25-те қайта жалғасты.
Қазіргі таңда судья ауысуы іске қалай әсер ететіні және қорғаушының шағымы қаншалықты негізді екені көпшіліктің назарында.