Тарихқа енді: «Челси» Конференция лигасының чемпионы атанып, үш еурокубокті жеңген алғашқы клуб болды
Лондондық «Челси» УЕФА Конференция лигасының жаңа чемпионы атанды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Финалда ағылшындық клуб Испанияның «Бетис» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойын Польшадағы Вроцлав қаласында өтті.
Бәсекені алғашқы болып «Бетис» ойыншысы Эз Абде ашты. Алайда үзілістен кейін алаңға шыққан Челсидің тың ойыншылары жағдайды өзгертіп жіберді.
65-минутта Энцо Фернандес есепті теңестірсе,
71-минутта Николас Джексон командасын алға шығарды,
83-минутта Джейдон Санчо есепті еселей түсті,
Ал қосымша уақытта Мойсес Кайседо соңғы нүктені қойды — 4:1.
Бұл жеңіс «Челси» тарихы үшін ерекше маңызға ие. Лондондық клуб осылайша Чемпиондар лигасы (2012, 2021), Еуропа лигасы (2013, 2019) және Конференция лигасын жеңіп, үш бірдей еурокубоктің иегері атанған алғашқы команда болып отыр.