"2000 адам шақырдық!" — Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы қалай өтпек?
Белгілі әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қатысты қызықты әрі күрделі жайттарды көпшілікпен бөлісті. Оның айтуынша, мерекелік шараға екі мыңға жуық адам шақырылған. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазып, елді таңғалдырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам!
Біреуі “келем” дейді, біреуі “көреміз” дейді, енді бірі — мүлде үнсіз. Сонда түсінгенім: ең қиын нәрсе — кім нақты келетінін анықтау екен», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әнші бұл жайттан кейін өзі шақырту алса, міндетті түрде бірден жауап беретініне уәде етті. Көп балалы әке тойға әзірліктің қыр-сырын да оқырмандарына ашық айтып келеді.