Қазақстан мен Еуропа ынтымақтастығы күшеймек
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту жолдары сөз болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Тоқаев еліміздің Еуропа Кеңесімен өзара ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін айтып, Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы аясында қолға алынған ауқымды саяси реформалар жөнінде ақпарат берді.
Ал Ален Берсе өз кезегінде Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу екіжақты байланыстардың жаңа белеске шығуына жол ашатын қадам ретінде бағалануда.