Таиландтағы турнир: Дулат Бекбауов жартылай финалда жеңіліп, финалға өте алмады
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Таиландтағы турнир: Дулат Бекбауов жартылай финалда жеңіліп, финалға өте алмады

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық жарысының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

65 келі салмақта жұдырықтасқан Бекбауов финалдық жолдаманы сарапқа салған жекпе-жекте жергілікті былғары қолғап шебері Синсири Бунжонгқа төрешілер шешімімен (5:0) есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Бекбауов ширек финалда Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, Қырғызстанның ең танымал боксшыларының бірі Мунарбек Сейитбек уулуды айқын басымдықпен жеңген болатын. Ал турнирдің бастапқы кезеңінде оның қарсыласы, иорданиялық Обада Аласбех кездесуден бас тартқандықтан, қазақстандық боксшы айқассыз келесі кезеңге өткен еді.

Еске салсақ, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 67 келіде күміс медаль жеңіп алған. Ал 2022 жылы Азия чемпионатының финалында да күміс жүлдеге ие болған тәжірибелі боксшы саналады.