Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасына барып, Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Ertenmedia сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған. Алайда кездесуде нақты қандай мәселелер көтерілгені туралы ашық айтылмады. Экс-президенттің Мәскеуге сапарының мақсаты да белгісіз күйде қалуда.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Әбішұлы Ресейге бұған дейін де бірнеше рет барған. Соның бірі — 2024 жылдың желтоқсан айында Мәскеу түбіндегі Ново-Огарёво резиденциясындағы сапары.
Осы тұста, күні кеше Мәжілісте бірқатар депутаттар «Ескі Қазақстан» кезіндегі шетелге шығарылған 150 миллиард долларды елге қайтару мәселесін қозғап, бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатқанын еске саламыз.