Ауа райы құбылып тұр: 30 мамырда бірнеше облыста төтенше жағдайлар болуы мүмкін

30 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
orer.am

Ертең, 30 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылып, жел күшейіп, шаңды дауыл мен найзағай күтіледі. Бұл туралы Anyqtime.kz хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК таратқан ескертуге сәйкес, дауылды жағдай төмендегі өңірлерде тіркелуі мүмкін:

🔹 Ұлытау облысы – желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
🔹 Қарағанды облысы – солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында күшейеді.
🔹 Батыс Қазақстан облысы – 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
🔹 Түркістан облысы – найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
🔹 Шымкент қаласы – найзағай мен қатты жел, өрт қаупі сақталады.
🔹 Атырау облысы – 38 градусқа дейін ыстық болады. Шаңды дауыл күтіледі.
🔹 Ақмола облысы – жел күшейіп, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді.
🔹 Астана қаласы – 16:00-ден 20:00-ге дейін найзағай болуы мүмкін.
🔹 Ақтөбе облысы – оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Жел 15-18 м/с.
🔹 Қостанай облысы – оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
🔹 Шығыс Қазақстан облысы – тұман, жел және 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
🔹 Маңғыстау облысы – шаңды дауыл мен қатты жел. Өрт қаупі жоғары.
🔹 Абай облысы – желдің күші 20 м/с дейін барады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
🔹 Солтүстік Қазақстан облысы – тұман, найзағай және 20 м/с жел күтіледі.
🔹 Қызылорда облысы – шаңды дауыл, жел 20 м/с. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
🔹 Жамбыл облысы – найзағай, шаңды дауыл және күшті жел. Өрт қаупі өте жоғары.
🔹 Жетісу облысы – таулы аймақтарда жел күшейеді, өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқаулықтарын қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

ауа райы болжамы 30 мамыр төтенше жағдай Қазгидромет