"Қатарынан демалыс": Маусымда қазақстандықтар қанша күн демалады
vwell.biz

"Қатарынан демалыс": Маусымда қазақстандықтар қанша күн демалады

Маусым айында қазақстандықтар қосымша демалыс күніне ие болады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Оған себеп — Құрбан айт мерекесінің басталуы. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға — жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7 және 8 маусым күндері демалыс болып есептеледі. Яғни үш күн қатарынан тынығуға мүмкіндік бар.

Ал аптасына алты күн еңбек ететіндер үшін жағдай сәл өзгеше:

6 маусым (жұма) – демалыс, 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні, 8 маусым (жексенбі) – демалыс.

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.

Айта кетейік, Құрбан айт — ислам әлеміндегі ең маңызды діни мерекелердің бірі. Қазақстанда оның бірінші күні ресми түрде демалыс күні болып белгіленген.