«Мынау не масқара!»: Баян Алагөзова Алматы әкімдігіне ашық үндеу жолдады
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде пайда болған үлкен шұңқырға байланысты қалалық әкімдігіне шағым айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Баян Instagram парақшасында Жұбанов пен Өтегенов көшелерінің қиылысынан түсірілген бейнежазбаны жариялап, онда жолдың тура ортасында пайда болған қауіпті ойықты көрсетеді. Оның айтуынша, бұл шұңқыр көлік жүргізушілеріне едәуір қауіп төндіреді.
– Таңғалдым... Жол жаман емес сияқты еді. Бірақ мынау не масқара? Қараңыздаршы, қандай қауіпті ойық. Түнде біреу осы жермен жүріп өтсе, дөңгелегі сынып қалуы мүмкін, – дейді ол видеода.
Продюсер бұл мәселені жайына қалдырмай, жергілікті билікке жедел үндеу жолдады. Ол Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзееваны белгілеп, осы учаскеге жауапты аудан әкімдігін дереу әрекет етуге шақырды.
– Осы ауданның әкімдігіне үндеу жолдаймын – мына сұмдықты дереу қалпына келтіріңіздер, – деді Алагөзова.
Қалалық әкімдік тарапынан әзірге ресми жауап берілмеді.