«Миллиондап ақша жіберетін»: Никонет өзіне министрдің ғашық болғанын жайып салды
Белгілі трансгендер-блогер Никонет бұрынғы сүйіктісінің жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер болғанын мәлімдеп, жұртты елең еткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Айтуынша, олардың ара-қатынасы шамамен алты айға созылып, бұл кезеңде шенеунік тарапынан үлкен қамқорлық пен қолдау көрсетілген.
«Бұрынғы сүйіктім – министр болған. Ол үйленбеген. Отбасылы адамдармен араласқан емеспін. Ол маған миллиондап ақша аударып, гүл мен сыйлықтарды үзбей жіберетін. Барлық қарым-қатынас ертегіге ұқсайтын, бірақ жүрекке әмір жүрмейді екен», – деп жазды Никонет.
Блогердің айтуынша, жоғары лауазымды қызметтегі азаматтар көп жағдайда шынайы болмыстарын жасыруға мәжбүр.
«Мен енді үнсіз қала алмаймын. Көпшілік айтпайтын шындықты жеткізгім келеді. Қоғамда билік көп болған сайын, адамның өз ішкі қараңғылығын жасыруы да соғұрлым күрделене түседі», – деп түйіндеді ол.
Жазба әлеуметтік желіде жарияланғанымен, көп ұзамай өшірілген. Алайда скриншоттар тарап үлгерген.
Фото: https://www.instagram.com/niko_nett/