Алматы – Орталық Азиядағы үздік қала атанды
kasheloff.ru

Алматы – Орталық Азиядағы үздік қала атанды

Әлемдік рейтингте 258-орынға тұрақтаған шаһар адами капитал көрсеткіші бойынша ерекше көзге түсті. Алматы қаласы халықаралық сарапшылардың бағалауымен Орталық Азиядағы ең үздік қала ретінде танылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Aqshamnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәртебелі атақ 2025 жылғы Oxford Economics Global Cities Index рейтингінің нәтижесінде берілген. Тізімге әлемнің 1000 ірі қаласы енген. Олар бес негізгі санат – экономика, адами капитал, өмір сүру сапасы, экология және басқару деңгейі бойынша сараланған.

Алматы жалпы есепте 258-орынды иеленіп, өңірлік көшбасшылықты сақтап қалды. Әсіресе, адами капитал санаты бойынша 64-орынға ие болғаны – қаладағы білім беру деңгейінің, кадрлық әлеует пен еңбек нарығының күшін көрсетеді.

Қалған көрсеткіштер бойынша Алматының нәтижелері мынадай:

Экономика – 346-орын

Өмір сапасы – 245-орын

Экология – 726-орын

Басқару – 613-орын

Айта кету керек, рейтингке Қазақстаннан Астана мен Шымкент те енген. Елорданың көрсеткіші – 276-орын, ал Шымкент 534-орынға тұрақтаған.

Жаһандық үздік ондық тізім мынадай:

  1. Нью-Йорк
  2. Лондон
  3. Париж
  4. Сан-Хосе
  5. Сиэтл
  6. Мельбурн
  7. Сидней
  8. Бостон
  9. Токио
  10. Сан-Франциско

Бұл рейтинг мегаполистердің даму деңгейін, өмір сүруге қолайлы жағдайларын және болашаққа әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Алматының жоғары нәтижесі – қаланың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.